28 ақпан күні сағат 12-00-де Боровской кәсіптік-техникалық колледжінде біздің жерлесіміз, ақын Жолбарыс Баязидтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлем мәңгі, ал мен оған бір сәтпен....» атты портрет- сағаты өткізілді. Кітапханашы Г. М. Ерсұлтанова жастарды Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының құрметті азаматы, тамаша ақынның өмірімен және шығармашылығымен таныстырды. Іс-шара барысында ақынның Қостанайым», «Мерейлі Меңдіқара», «Ана тілі», «Ұрпақтарға өсиет», «Соңғы тыныс алу минутында», «Нью-Йорк» өлеңдері, «Әкеммен әңгіме» поэмасынан үзінді оқылды. Ал «Әлем-үлкен алаң» өлеңі (Надежда Диденкованың аудармасы) ОАК библиографы Наталья Ивановна Козловамен сахналанды. Наталья Ивановна «Ақын Жолбарыс Баязидке арнау» атты өлеңін оқыды. Іс-шара Жолбарыс Баязидтің бірлікке, келісімге және түсіністікке шақыратын сөзімен аяқталды.