15.02.2019ж. 11.00 с. «Өткен Ауған ұмытылмас» кітап көрмесіне шолу өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналды. Аудандық Мәдениет үйінде Ауған туралы кітаптарға кітапханашы Жунусова Л. Е., шолу жасады. Бүгін өзімізбен бірге еліміздің керегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Кітапханашы Ауған соғысы туралы толық мағлұмат берді.