13.02. 16-00 с. «Атына заты лайық жан» атты ақпарат сағаты санаторлық мектеп-интернатында өткізілді , 29 адам қатысты. Ақпарат сағатқа мәдениет қызметкері Сәукенов Б. Д. қатысты, санаторлық мектеп-интернатының оқушыларын, ақын Лайық Тоқайұлының өміржолымен, шығармашылығымен таныстырдық. Сәуекенов Б.Д оқушыларға өлең шумақтарын оқып берді.Іс-шараның барысында Лайық Тоқайұлының сөзіне жазылған «Қазақ қызы» және «Арқалығым менің!» атты әндерін Бакытжан Дәуренұлы шырқады. Лайық Тоқайұлы- күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы.Лайық Тоқайұлы тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамти алды деп түсіндірді кітапханашы Ибраева Р.С.