«Мерейлі отбасы» сұхбат сағаты
 
7 қыркүйекте Отбасы күні аясында Жангелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Аристанова Р.М. «Мерейлі отбасы» атты сұхбат сағатын өткізді. Кездесудің қонағы үлгілі көп балалы отбасының өкілі, бес баланың анасы, Жангелді орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі және аудандық және облыстық деңгейдегі көптеген марапаттарға ие болған ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысушы Қалиева Жұмагүл Өтегенқызы болды.
Әңгіме барысында Жұмагүл Өтегенқызы өзінің отбасы, бала тәрбиесі және ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Ол отбасылық құндылықтарға, үлкендерді құрметтеуге және балаларды өз халқының мәдениетімен таныстыруға ерекше назар аударды. «Жыл сайын біз биелерді сауамыз, құрт-май дайындаймыз, ауылдастарымызға саумал мен қымыздан дәм татқызамыз және ауыл тұрғындарынан алғыс сөздер аламыз», — деп бөлісті.
Іс-шараға қатысушылар үшін «Отан отбасынан басталады» және «Тәрбие – тал бесіктен» тақырыптарына тапсырмалар ұсынылды. Балалар отбасының маңыздылығы, тәрбие, Отанға деген сүйіспеншілік және дәстүрлерді құрметтеу туралы ойлады.
Іс-шара соңында ауыл кітапханашысы отбасында адамның мінезі, адамгершілігі мен өмірлік құндылықтарының негізі қаланғанын атап өтті. Мықты және тату отбасы-гүлденген қоғамның негізі және Отанымыздың болашағы.