5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты дөңгелек үстелі өтті.
Жангелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Аристанова Р.М. дөңгелек үстелге қатысушыларды қазақ тілін меңгерудің, оны дамыту мен сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен таныстырды.
Іс-шара барысында оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, ауызша халық шығармашылығының тарихымен танысты, көркем әдебиеттің сөйлеу дағдыларын дамытуға әсері және өз ойларын білдірудегі тілдің маңызы туралы пікір алмасты.
Соңында балаларға қазақ тілінде мақал-мәтелді тез құрастыру ұсынылды, олар байқауға белсенді қатысып, қазақ тілін жетік білетіндіктерін көрсетті.
да өтті.