Лесной ауылдық кітапханасында 1-4 сынып оқушыларына арналған «Грамотным о грамоте» атты қызықты грамматика сағаты өтті. Іс-шара орыс тіліне деген қызығушылықты арттыруға, сауаттылықты, зейінді және сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған.
Кездесу барысында балалар орыс тілінің негізгі ережелерін еске алып, сауатты сөйлеудің маңыздылығы туралы әңгімелесті, сөздер мен сөз тіркестері туралы қызықты фактілерді білді. Оқушылар «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Фразеологиялық калейдоскоп», «Сауатты адам», «Қатені түзе» байқауларына белсенді қатысып, тапқырлық пен білім көрсетті.
Іс-шараға тақырыптық кітап сөресі рәсімделді. Кездесу танымдық және мейірімді атмосферада өтті.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1548-gramotnym-o-gramote-yzy-ty-grammatika-sa-aty.html#sigFreeId4023e6ed81










