«Тіл – ұлттың жүрегі. Язык – сердце нации» кітап көрмесіне шолу
4 қыркүйекте Орталық аудандық модельдік кітапханада Қазақстан халқының тілдері күніне арналған тақырыптық іс-шара өтті.
Кітапханашы Киялов А.К. «Тіл – ұлттың жүрегі» атты кітап көрмесіне шолу жасады, іс-шараға Қазынашылық департаментінің мамандары, Тілдерді оқыту орталығының басшылығы мен оқытушылары қатысты.
Қатысушылар қазақ тілінің дамуы, Қазақстанның тілдік әртүрлілігі, тіл білімі және Қазақстан Республикасының тіл саясаты мәселелері туралы әдебиеттермен танысты. Туған күні 5 қыркүйекте атап өтілетін көрнекті ағартушы және қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен ғылыми мұрасына ерекше назар аударылды.
Іс-шара мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді сақтау, сондай-ақ Қазақстанның барлық халықтарының тілдеріне деген құрметті нығайту үшін маңызды алаңға айналды.











