«Абай – дара» көркем әдебиет сағаты
Құлышқай ауылдық кітапханасында кітапханашы Ахметова А.А. мектеп оқушыларының қатысуымен «Абай – дара» атты көркем әдебиет сағатын өткізді.
Мақсаты – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның даналық сөздері арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар Абайдың өмір жолымен танысып, өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар ақынның шығармашылығы туралы сұрақ-жауап дайындалып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шара соңында қатысушылар Абай мұрасының тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, өз ойларымен бөлісті.











