Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай 19 қазан күні Орталық аудандық модельдік кітапхана кітапханашысы А.К. Мусинова «Ұлтына ұл болу ұлылық» атты портрет кешін өткізді. Іс-шараға Боровской санаторлық мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Қазақ елінің ұлы ағартушы ғалымдары артында қайталанбас сара жол салып кетті. Болашақ ұрпақ ұлы тұлғаларымыздың есімі мен ерең еңбегін ұмытпай, әрдайым жадында ұстауы тиіс. Сондай мақсатпен, ұйымдастырылған, іс-шарада қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын, Қостанай өңірінің тумасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы тың ақпараттар беріліп, бейнеролик көрсетілді. Жас ұрпақ ұлы ғалымдарымыздың жолын қуып, ел дамуына өз үлестерін қосса дейміз.