17 қазан күні Боровской санаторлық-мектеп интернатында Орталық  аудандық  модельдік  кітапхана  кітапханашысы  А.К. Мусинова  «Ұмытуға жатпайды»  тақырыбына  әңгіме  жүргізді.  Қазақ елінің болашағы үшін ұлы ағартушы ғалымдарымыз қайталанбас сара жол салып кетті. Өскелең ұрпақ ұлы тұлғаларымыздың есімі мен ерең еңбегін ұмытпай, әрдайым жадында ұстауы тиіс, сондай мақсатпен, ұйымдастырылған іс-шарада Алаш зиялысы, білікті журналист, ұстаз, мемлекет қайраткері, Қостанай өнірің тумасы Мырзағазы Есболұлының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы тың ақпараттар берілді. Болашақ ұрпақ ұлы ғалымдарымыздың жолын қуып, ел дамуына өз үлестерін қосса дейміз. Іс-шара барысында Ақжан Қазбекқызы қатысушылар қойған  сұрақтарға  толық  жауап беріп, осы орайда  балалар да өз ой-пікірлерімен бөлісті.

{gallery}-0/4{/gallery}