Бәдиша Жүсіпбекқызы Жазықбаева 1947 жылы 5 мамырда Челябі облысының Копейск кентінде дүниеге келді.
1970 жылы Қостанай педагогикалық институтын «математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын №2 Боровской орта мектебінде математика мұғалімі ретінде бастады. 1983 жылы Бәдиша Жүсіпбекқызы еңбек жетістіктері үшін Қазақ КСР Білім Министрлігінің «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды.
1991-2003 жылдары №2 Боровской орта мектебінің директоры болды. Бәдиша Жүсіпбекқызының жалпы педагогикалық еңбек өтілі 42 жылды құрайды.
Бәдиша Жүсіпбекқызы – үлкен өмірлік тәжірибесімен, білімі жүгі мол, психологтың инстинкті бар, балалардың проблемаларын ана тілінде сезінетін мұғалім. Бұл сезімтал, мұқият және қамқор адам, ізденуге, шығармашылыққа және жаңалыққа деген ұмтылысымен ерекшеленетін сауатты көшбасшы. Б.Ж. Жазықбаева білім сапасына ғана емес, мектептің материалдық-техникалық жабдықталуына да көп көңіл бөлді. Басшының және барлық педагогикалық ұжымның еңбексүйгіштігінің арқасында мектеп аудандағы ең үздіктердің бірі болды.
2003-2012 жылдары Меңдіқара ауданының психологиялық - педагогикалық түзету кабинетін басқарды. Жұмыс барысында ол өзін әрдайым жаңа идеяларды іздейтін жігерлі көшбасшы ретінде көрсетті.
Оның жетекшілігімен заманауи дидактикалық материалдар жинақталып, жүйеленді, бұл мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға, сабақ мазмұнын байытуға мүмкіндік берді. ППТК өз жұмыс тәжірибесімен аудандық, облыстық және республикалық семинарларға бөлісті, олар педагогикалық қоғамдастыққа проблемаларды көруге, инклюзивті білім беру бөлігінде соңғы жылдары жасалған қадамдарды бағалауға және проблемаларды еңсеру бойынша одан әрі жұмыс траекториясын құруға көмектесті.
Б.Ж.Жазықбаева еңбектегі жетістіктері, қойылған міндеттерді іске асырудағы жоғары шеберлігі, шығармашылығы, білім беру саласындағы өскелең ұрпақпен жұмыс істеудегі бастамашылығы мен біртума еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, КСРО Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, Білім департаментінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің облыс және аудан әкімі, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бәдиша Жүсіпбекқызы Жазықбаеваның есімі «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясына енгізілген. 2015 жылдың 21 желтоқсанында оған «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
https://mendikara-okzh.kz/kz/lketanu/rmetti-azamattary/1097-1111.html#sigFreeId3f47ddf43d