Владимир Иванович Борисенко 1927 жылы 15 қыркүйекте Брянск облысы Почеп ауданы Первомайское ауылында дүниеге келген. 1944 жылдың қараша айында он жеті жасар бала майданға шақырылды. 1948 жылының мамырында Қытай аймағынан демобилизацияланды.
Қайтып оралғанда Владимир Иванович Брянск қ. маңындағы ауылшаруашылық техникумына (бүгінгі ол Ауылшаруашылық Академия) оқуға түседі. Техникумның соңғы курсында өз курстас қызы Алла Дмитриевнаға үйленеді. Техникумды аяқтаған соң бір топ курстастарымен бірге «Краснопресненский» совхозына тың және тыңайған жерлерді игеруге жіберілді. Совхоз директоры Алексей Григорьевич Ванин Владимир Ивановичке 3-ші бөлімшеде агроном ретінде жұмыс атқаруын ұсынды. Борисенко пайымды, өз ісін білетін маман ретінде көрсетті, күзде директор Брянск облысынан жұбайын алып келуді сұрады, сонымен қатар оны жұмыспен қамтуға және пәтер бөлуге уәде берді. Владимир Иванович және Алла Дмитриевнаның совхозға келген бірінші күнен-ақ Алексей Григорьевич оларға кілт табыстады. 1965 жылы В.И. Борисенко «Краснопресненский» совхозының бас агрономы болды.
Владимир Иванович өз өмірін астық сынасының шығымдылығының арттыру және біздің жерлердің ауыл шаруашылығы тәуекелдерінің минимумына келтіруге арнады. Агротехникаға «сырттан әкелінген» технологиялар жергілікті жерлерде қабылданбайтынын Владимир Иванович тың жерлердегі жұмысының ең басынан-ақ түсінді. Оған егін егу мерзімін, егіндік сорттарын еңгізу және салыстыра тексеру, топырақты өндеуді жаңа әдістерін меңгеру және жасауға тура келді. Ол бірінші жылдардан-ақ өзінің тәжірибелі алқаптарын іске қосты, тәжірибелі ауылшаруашылық Омск және Шортанды станцияларымен ынтымақтастық жасады.
В.И. Борисенко 2 дәрежелі «Орден Отечественной войны», Ленин, Трудового Красного Знамени, Знак Почета ордендерімен, сондай-ақ «За Победу над Японией», «За отвагу», «За освоение целинных и залежных земель», «За трудовую доблесть» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сталиннің алғыс хаты бар.
«Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы Владимир Иванович Борисенкоға 2004 жылы (қайтыс болғаннан кейін) берілді.