Сайран Балкенұлы Буканов 1950 жылы 19 тамызда Қостанай облысы Ленин ауданы К. Маркс ауылында дүниеге келген.
1958 жылдан 1966 жылға дейін туған ауылының Соколов сегіз жылдық мектебінде оқыды. 1968 жылы Ленин кентінде орта мектепті бітірді.
1973 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Қостанай филиалының Агрономия факультетін бітіргеннен кейін Сайран Балкенұлы Боровской ауданына жолдамамен келді. Еңбек жолын осы жылы «Борковский» совхозы бөлімшесінің агрономы болып бастады, онда 1974 жылдың қарашасына дейін жұмыс істеді. 1974 жылдың қарашасынан 1975 жылдың қарашасына дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Демобилизациядан кейін 1975 жылдың наурызынан 1976 жылдың наурызына дейін Боровской ауданының «Теңіз» совхозы бөлімшесінің агрономы болып жұмыс істеді. 1976 жылдың наурыз айында «Ақсуат» кеңшарының бас агрономы болып тағайындалып, 1982 жылы оны басқарып, егіншілік саласында да, әлеуметтік салада да бордақылау кеңшары жүйесіндегі үздіктердің бірі болды.
1984 жылы «Харьковский» совхозының директоры қызметін атқарып, 1997жылы «Қарқын Агрофирмасы» ЖШС болып қайта құрылды. Өзінің басшылық еткен жылдары Сайран Балкенұлы өндірістік процесті тұрақты жетілдіруге, өнім сапасын арттыруға, жер ресурстарын сақтауға, материалдық базаны нығайтуға бағытталған саясат жүргізді.
Сайран Балкенұлы «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болған. С.Б. Букановтың көп жылғы қажырлы еңбек жолы облыстық және аудандық партия комитетінің, облыстық және аудандық мәслихаттың құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдармен, «Атамекен «Одағы» Ұлттық Экономикалық палатасының алтын медалімен (2009 ж.), «Отан» және «Құрмет» ордендерімен (1999 ж.) марапатталған. С.Б. Буканов – «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Президенттік конкурстың «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясының Алтын лауреаты. 2009 жылы Сайран Балкенұлы Бұқановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Награданың куәлігі оның Қазақстан Республикасында бесінші және Меңдіқара ауданында бірінші болып алғанын куәландырады. Қазір Сайран Балкенұлы зейнеткерлік демалыста, ал оның ісін ұлы Еркін Сайранұлы Буканов жалғастыруда.
Меңдіқара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 371 шешімімен Сайран Балкенұлына «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы, ал 2014 жылғы 15 тамызда Қостанай облысының Құрметті азаматы атағы берілді.