Көктемнің алғашқы күні барша қазақстандықтар 1 наурыз - Алғыс айту күнін атап өтуде. Осы атаулы күнге орай 28 ақпан күні Жангелді ауылдық кітапхана кітапханашысы Р.М. Арыстанова  мектеп оқушыларына «Ұлт ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» атты алғыс айту сағатын өтікізді. Іс-шарада қатысушыларға айтулы күннің шығу тарихы туралы мәліметтер берілді. Бұл мерекенің басты мақсаты өскелең ұрпақты адамгершілікке, қайырымдылыққа, әркез мейірімді және игі істер жасауға тәрбиелеу болып табылады. Жақсылықтардың жаршысы - жастар қауымы болу алдағы уақытта алысқа  бөленудің  бір себебі болатыны анық. Рахима Мусабекқызы  және  мектеп кітапханашысы Мария Викторовна Софронова бірлесіп, балалардың көмегімен үлкен көрме ұйымдастырды. Балалар өз тарапынан қолдан жасалған бұйымдарды көрмеге әкеп берді.