Іс-шараға орта буын оқушылары қатысты, барлығы 16 бала. Ауыл кітапханашысы Аристанова Р.М қатысушыларға отбасының қоғамдағы орны мен маңызы туралы мәліметтер берді. Қазіргі таңда көп балалы және аз қамтылған отбасыларына үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны туралы да айтып шықты. Жангелді ауылында 2 көп балалы үлгілі отбасының жетістіктерін атап өтті. Көп балалы үлгілі отбасынан Жүрсін Абылайхан өз отбасы туралы әңгімелеп берді.