«Кітапханаға қалай жетуге болады?» либмоб
29 шілдеде Орталық балалар модельдік кітапханасының кітапханашылары Жүсіпова Б.Т. мен Ульрих Н.И. оқуға тарту және кітапхананы мәдени орталық ретінде орналастыру мақсатында «Кітапханаға қалай жетуге болады?» атты либмоб өткізді. Бұл акцияны жыл сайын кітапхана жазғы уақытта өткізеді. Орталық алаңда, Орталық базарда, «Виктория» дүкенінде кітапханашылар ауыл тұрғындарына келесі сұрақтармен жүгінді: Сіз оқығанды ұнатасыз ба? Гаджеттер кітапты алмастыра ала ма? Сіз кітапхана оқырманысыз ба? Сіз балалар кітапханасына қалай бару керектігін білесіз бе?
Кітапхананың қай жерде екенін білетін адамдарға шарлар, тәтті сыйлықтар берілді, ал білмегендерге немесе жауап беруге қиналғандарға кітапхананың мекен-жайы мен жұмыс режимі көрсетілген визиткалар берілді.
Акция көрсеткендей, жерлестердің көпшілігі оқуды жақсы көреді және кітапхананың қай жерде екенін біледі. Либмобтың арқасында кітапхана оқырмандарға жақынырақ болуға мүмкіндік алды. Іс-шараға 20 адам қатысты.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1519-kitapkhana-a-alaj-zhetuge-bolady-libmob-2.html#sigFreeId2031c79edc










