«Наркомания и подросток»  ақпарат сағат

26 маусым – Халықаралық нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес күні. Осы күнге Краснопреснен ауылдық кітапханасының кітапханашысы Садвакасова Д.А. «Наркомания и подросток» атты ақпарат сағатын өткізді. 

Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіні қолданудың салдарымен танысу, есірткі құралдарына теріс көзқарасты қалыптастыру болды.

Балалар кітапханашымен бірге «Нашақорлық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берді, сондай-ақ темекі шегу, алкогольді, есірткіні тұтыну сияқты зиянды әдеттер туралы әңгімелесті. Әңгіме барысында жасөспірімдер денесінің дамуына, жастық шақтың психикалық мәселелеріне, өз денсаулығына зиянды көзқарастың салдарына қатысты маңызды мәселелер қозғалды.

Кітапханашы балаларға есірткі мен психоактивті заттарды қолданудың қайтымсыз салдары туралы айтып берді.

Материалды бекіту үшін салауатты өмір салты және өз шешімдері үшін жауапкершілік туралы викторина өткізілді. «Өмірді таңдау» тақырыптық сөресі іс-шараны толықтырды.