9 қыркүйек күні Соснов ауылдық кітапханасында Канжигалиева Г.А. 4 - сынып оқушыларымен бірге «Семья всему основа» атты мейірімділік сағатын өткізді. Балалармен бірге отбасына байланысты ертегілерді, мақал - мәтелдерді еске түсірді. Сонымен қатар, балалар мақал - мәтелдердің жалғасын табатын ойынға қатысты. «Цветик - семицветик», «Сказка без слов» ойындары ойнатылды. «Мамины помощницы» байқауы өткізілді. Кітапханада Отбасы күніне арналған «Семья в художественной литературе» тақырыбында тақырыптық сөре безендіріліп, кітаптарға шолу жасалды. Іс - шара достық және жылы атмосферада өтті, балалар белсенді және ұйымшыл болды. Оқушылар отбасының - адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі екенін, әр адамның өмірінде отбасының маңызы зор екенін түсінді.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1469-semya-vsemu-osnova-mejirimdilik-sa-aty.html#sigFreeId04f3eacc97