10 қыркүйекте Архипов ауылдық кітапханасында оқырмандардың кең аудиториясына арналған «Данышпан таланты мәңгі өлмес. Но жив талант бессмертьем гения» атты шолу «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өтті. Мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау және оқуға қызығушылықты арттыру. Іс-шара қазақтың көрнекті қаламгерлері — Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығына арналды.
О.В. Зайцева авторлардың өмірінен қызықты деректермен қысқаша таныстырып өтті. Қатысушылар жазушылардың өмірбаянын тыңдап, шығармаларының көркемдік құндылығын талқылап, поэзиясы мен прозасынан үзінділер оқыды. Жазушылардың кітаптарынан ұйымдастырылған кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кездесу Қазақстанның әдеби мұрасын тануға және рухани байытуға бағытталған маңызды қадам болды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1467-danyshpan-talanty-m-gi-lmes-aktsiya-sholu.html#sigFreeId2958bbed60