3 қыркүйек күні Орталық аудандық модельдік кітапхана оқу залында «Тіл - жан айнасы» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі жоғары, Отанын, ана тілін ардақтайтын азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеріп, оқып-үйренуге деген ықыласын арттыру және патриоттық сезімді ояту.
Іс-шараға Тілдерді оқыту орталығының мамандары, Меңдіқара ауданы Жастар ресурстық орталығының өкілдері, сондай-ақ К. Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Тілдерді оқыту орталығының маманы Айгүл Ануарбекқызы және Жастар ресурстық орталығы басшының міндетін атқарушы Тұрсынай Мұхтарқызы жиналғандарды Қазақстан халқының тілдер күнімен құттықтап, мемлекеттік тілдің маңызына тоқталды. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Қ. Балабаев «Выразительно, с любовью» ойынын ұйымдастырып, қазақ-орыс тілдерінде жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы тіл мәдениетін дәріптеді.
Дөңгелек үстелде төмендегі тақырыптар талқыланды:
- Мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы.
- Үш тұғырлы тіл саясатының мәні.
- Жаһандану дәуіріндегі қазақ тілінің орны.
Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік тілдің болашағы туралы ой бөлісті. Тілдерді оқыту орталығы мамандары қонақтармен тілдік ойындар өткізіп, ал Жастар ресурстық орталығының әдіскері О.С. Марченко «Дүкендегі қазақша сөйлейтін сатушы мен қазақша білмейтін сатып алушы» атты жағдаяттық ойынды жүргізді.
Іс-шара қатысушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттауға үлес қосты. Жастардың тілге деген құрметі, сөз мәдениетіне мән беруі байқалды. Соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жылы тілектерін білдірді.
«Тіл – жан айнасы» атты шара мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін айқындап, жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды басқосу болды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1466-til-zhan-ajnasy-d-gelek-stel.html#sigFreeId7b6a4700fa