«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапхана қауымдастығының бастамасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді.

15 қаңтарда Сосна ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Канжигалиева Г.А. «Ел болып оқимыз» атты тақырыптық сөресін ресімдеді. 2025 жылы Қазақстанда «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында екі автор таңдалды. Прозаны көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары ұсынады. Поэзия әуесқойлары үшін атақты ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің 2025 жылы 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін шығармалары ұсынылды. Кітапхана оқырмандары акция тарихымен, авторлардың өмірбаяндарымен танысып, олардың шығармаларын оқуға ала алады.