Михайлов ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Шанатова А. «Поэт, разбудивший народ» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шара ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының рухани көшбасшыларының бірі Міржақып Дулатовтың мерейтойына орайластырылды.
Іс-шара барысында кітапханашы ұлы жазушының өмірі мен қызметіне тоқталып, «Оян, қазақ!» поэмасы және қазақ тілінде жазылған алғашқы роман болған «Бақытсыз Жамал» романы туралы айтып берді. Балалар Дулатовтың есіміне ұзақ уақыт бойы тыйым салынғанын білді. Тек 1988 жылы ақын ақталып, оның шығармашылығы халыққа оралды. Балалар «Күз», «Таза бұлақ» өлеңдерінен үзінділер оқып, жазушының шығармалары туралы өз әсерлерімен бөлісті.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1385-poet-razbudivshij-narod-debi-kesh.html#sigFreeIde35f9f5899