12 желтоқсан күні Орталық модельдік балалар кітапханасының кітапханашысы Б. Жусупова «Бұлақ» клубының балаларымен «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты танымдық сабағын өткізді. Іс - шараға 12 оқушы қатысты. Мерекелік шара мемлекетіміздің әнұранымен басталып, оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап, бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер, тәуелсіздік батырлары және тәуелсіздік жылдарындағы басты оқиғалар қамтылған буклет қойылды. Ә. Асылбековтың «Желтоқсан желі» әні тыңдатылды. Іс - шара барысында балалар сұрақ-жауаптарға жауап беруге белсене атсалыса, жауап берді. Кітап қорынан «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі рәсімделді.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1375-elimni-ba-ytyn-terbetken-t-uelsizdik-tanymdy-saba.html#sigFreeId3f1b23a1f7