5 маусымда Степанов ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Е.В. Короткова сауықтыру алаңына баратын балалармен «Как важно знать свои права» атты ойын-сұхбат өткізді. Басында кітапханашы балаларды Бала құқықтары туралы конвенциямен таныстырды, содан кейін Қазақстан Республикасының әрбір баласының құқықтары туралы және оларды бұзу заңмен жазаланатынын айтты. Әрі қарай балалар «Имена» ойынына қатысып, «Право литературных героев» әдеби-құқықтық викторинасын өткізді, онда балалар ертегі кейіпкерлерінің қандай құқықтары бұзылғанын анықтады.

Іс – шараға «Біз - балалар еңбегіне қарсымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалар алған білімдерін бекітті: олар өз құқықтарын түрлі-түсті алақанға жазып, көрмедегі ақпараттық стендті толықтырды. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.