Мамырдың 22 күні Жангелді ауылдық кітапхана кітапханашысы  Р.М. Арыстанова әдеби  өлкетану бағыты бойынша мектеп оқушыларымен "Өлең жазу - рухани байлығым" атты әдеби кеш өткізді. Рахима Мұсабекқызы балаларға осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар легімен таныстырды. Әдеби кешке жергілікті ақын, жазушы Жұмагүл Өтегенқызы Қалиева шақырылды. Кітапханашы Жұмагүл апамыздың шығармашылығы, атқарып жатқан істері мен жетістіктеріне қатысты сұрақтар беріп, көптеген өлең жолдары жазылған әдебиеттер, баспасөз бетіндегі жарияланым туралы ақпарат берді. Сөз кезегінде Жұмагүл Өтегенқызы өзінің өмірбаяны, еңбек жолы және жетістіктері жайында, өз  шәкірттерінің алдыңғы қатарлы болып жатқаны туралы айтып берді.  Кеш  соңында  қатысушылар  жазушымен естелікке  суретке түсті.