20 мамырда Орталық балалар модельдік кітапханасының кітапханашысы Ульрих Н.И. Боровской санаторлық мектеп-интернатының орта буын оқушылары үшін «Ты наш друг, родной язык» атты брейн - рингін дайындап, өткізді.  Іс-шара 24 мамырда атап өтілетін Славян жазуы мен мәдениеті күнін мерекелеуге орайластырылған. Іс-шара барысында қатысушылар біздің көпұлтты еліміздің әр мәдениеті тілдерінің құндылығы туралы білді. Дөңгелек үстелге жиналып, ойыншылар мақал - мәтелдер туралы білімдерін көрсетті, ребустар, жұмбақтар шешті, сұрақтарға жауап берді. Балаларға көмектесу үшін «Язык есть исповедь народа»атты тақырыптық сөре дайындалды. Іс - шара ешкімді бей - жай қалдырмады, барлық балалар ойынға белсенді қатысты.