Әр адамға қатысы бар ең жарқын мерекелердің бірі Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында 14 мамырда Орталық балалар модельдік кітапханасының қызметкерлері Б.Т. Жүсіпова мен Н.И. Ульрих «Отбасы. Отбасылық құндылықтар. Дәстүрлер» атты акция өткізді. Кітапханашылар орталық саябаққа шығып, «Бірыңғай ұлттық жинақтау қоры» АҚ мемлекеттік мекемелеріне, Меңдіқара аудандық мемлекеттік мұрағатына, «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Рахат» шағын маркет мен «Қарлығаш» сауда үйіне барып, «Юбилейный» МҮ қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтады. Халықпен отбасылық дәстүрлер, сүйікті отбасылық кітаптар туралы әңгімелесу жүргізілді. Акцияның барлық қатысушыларына отбасылық құндылықтар туралы тақырыптық гекстер (соталар) табыс етілді. Отбасы күнімен құттықтаған жылы лебіздері акцияның барлық қатысушыларының көңіл-күйін көтерді.
Акцияға 29 адам қатысты.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1275-otbasy-otbasyly-ndyly-tar-d-st-rler-atty-aktsiya.html#sigFreeId405fef88c5