Ұлы Наурыз мерекесі еліміздің барлық көпұлтты халқын біріктіреді. Сондықтан «Ынтымақ күні» Наурызнаманың онкүндігінде бүкіл халықтың бірлігіне арналған. Боровской ауылдық кітапханасының кітапханашысы Устинова Т. В. «Наурыз – бейбітшілік, жақсылық және спорт мерекесі» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шара «Шашу» салтымен ашылды. Қатысушылар қазақ халқының ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрлері, Наурыз мейрамының пайда болуы мен тойлануы туралы қызықты фактілерді білді. Кітапханашы балаларға Наурыз – көңілді ойындар мен спорттық жарыстардың мерекесі екенін айтты. Балалар «Сиқырлы ауыл», «Біз-батырлар», «Көкпар» ойындарына және «Силачей-батыров» жарыстарына белсенді қатысты. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1239-nauryz-bejbitshilik-zha-syly-zh-ne-sport-merekesi-atty-tanymdy-sa-aty.html#sigFreeId1a84a2a383