Наурызнама онкүндігінің аясында Ұлттық киім күніне орай  15 наурызда Буденный ауылдық модельдік кітапхана кітапханашысы А.К. Уалиева 5-6 сынып oқушылармен «Наурыз мерекесінің тарихы мен бүгінгі ерекшеліктері» атты тарихи экскурс өткізді.  Іс-шара барысында Асия Кәдіржанқызы оқушыларға ұлттық киімнің түрлерімен және әр киімнің өзіндік  тарихы  жайында  түсіндіріп өтті.  Балалар  Наурыз мерекесі бойынша сұрақ-жауап ойынына қатысып, би билеп, тақпақтар айтып өз өнерлерін көрсетті. Шара қонағы «Меридиан» МҮ басшысы Александр Фёдорович Шабунько баян аспабында сүйемелдеуімен балалар «Наурыз» әнін орындады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар өз сыйлықтар берілді.