13 наурыз күні Орталық балалар модельдік кітапханасында «Ұлттық  рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған ХІ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқауға Меңдіқара ауданының аудан орталығы мен ауылдық мектептерінен 10 оқушы қатысты. Байқаудың тақырыбы «Мектеп – бұл көңілді!?». Байқауға қатысушылар қазақстандық авторлардың прозалық шығармаларынан үзінділерді жатқа орындау бойынша өз таланттарын көрсетті. Байқауға қатысушылардың орындауында С. Мұратбековтың «Моя сестренка», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», М. Сүндетовтың «Новая форма», Н. Сералиевтің «Внуки деда Даукена» және «Пятый секрет», Т. Шипулинаның «Зефирный Жора» шығармаларынан үзінділер оқылды.Балалар мәтінді біліп қана қоймай, актерлік шеберліктерін де көрсетті. Әр спектакль шағын моно - спектакль болды. Байқауға қатысушыларды құзыретті қазылар алқасы бағалады. Бағалаудың негізгі критерийі оқудың мәнерлілігі, таңдалған жұмыс үзіндісінің байқау тақырыбына сәйкестігі болды. Қазылар алқасының шешімімен Первомай жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Глеб Гуков 1 орынды иеленді.

2 орынды Первомай жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Марк Режь алды. 

3 орын А.Шотаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясының оқушысы Ярослав Красновқа берілді.

Жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді. Глеб Гуков сәуір айында біздің ауданды облыстық деңгейде байқаудың екінші кезеңінде таныстырады. Байқауға қатысқан барлық қатысушылар алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтарға ие болды.