Көктерек ауылдық кітапханасында 2024 жылғы 15 ақпанда Тәуелсіз еліміздің игі мақсаттарының бірі, Қеңес Әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай кітапханашы Г.С.Калмакова 5-8 сынып оқушыларына «Өлмеске кеткен...» атты батылдық сабағы болып өткізді. Шара барысында Ауған соғысы туралы, Қазақстанның үлесі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, ол кісілердің есімдерін қастерлеуге, жас ұрпақты патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етуге тәриелеуге бағытталды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1189-lmeske-ketken-atty-batyldy-saba-y.html#sigFreeId2bff632717