Алешин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гульман Г.В. балаларды «В гостях у Крылова» атты әдеби композициясына шақырды. Балалар бұл автормен мектеп бағдарламасы арқылы таныс, сондықтан іс – шараның мақсаты - оқушылардың білімін тереңдету және әдеби оқуға деген қызығушылықты дамытуға ықпал ету. Галина Владимировна балаларға И. А. Крыловтың өмірбаянынан қызықты фактілерді айтты. Содан кейін олар оның мысалдарын оқып, жазушының өз шығармаларымен оқырманға не жеткізгісі келетіні туралы ойлады. Балалар сканвордтарды қуана-қуана шешіп, «Доске объявлений» күлкілі хабарландыруларды оқып, мысалдардың кейіпкерлерін тапты, қанатты сөздердің мағынасын түсіндірді.

Іс-шараға қатысушылар И. А. Крыловтың шығармашылығына өте қызығушылық танытты: барлығы белсенді қатысып, диалогқа қатысып, ХХІ ғасырда мысалды неге оқу керек екендігі туралы өз ойларын білдірді.