30 қаңтарда Михайлов ауылдық модельдік кітапханасында кіші сынып оқушыларына арналған «Маковей Владимир Степанович. 345-ый отдельный гвардейский…»аттыөлкетану кеші өткізілді.

Кітапханашы А. А. Шанатова Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесінің түлегі, «КСРО өнертапқышы» атағы бар запастағы майор Михайлов ауылының тумасы Владимир Степанович Маковейдің өмірбаянын айтып берді. Өмірбаяндық мақала «Воздушно-десантные войска в лицах» кітабына енгізілген.

Владимир Степановичтің өзі «345 отдельный гвардейский парашютно-десантный Краснознаменный ордена Суворова полк имени 70-летия Ленинского комсомола»очерктер мен естеліктер кітабын жасауға қатысты. Бұл жинақ әр уақытта даңқты десанттық әскерлерде қызмет еткен және қазір қызмет ететін, ерекше төзімділік,  батылдық пен жеңіске деген ерік-жігерді көрсететін адамдарға арналған.

Владимир Степанович кітапханаға бірнеше жылдар бойы ауылдық кітапханада жұмыс істеген анасы Валентина Ивановна Маковейді еске алуға арналған сый жазумен бірге бірегей басылымдарды берді.

Адамдар мен кітапханалардың тағдыры бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ал балалар туған ауылының көрнекті адамдары туралы білуге қызығушылық танытты.