7 қыркүйек күні Отбасы күніне орай Соснов ауылдық модельдік кітапханасында 6 – сынып оқушылары үшін «Семья – корень жизни» атты әңгіме өтті. Іс-шараның басында кітапханашы Г.А. Канжигалиева балаларға осы тамаша мерекенің бастауы туралы айтып, балалардың назарын отбасының әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе екендігіне аударды. Балалар отбасы туралы мақал-мәтелдерді еске алып, өз отбасыларындағы дәстүрлер туралы айтып, «Устами младенца» және «Кто есть кто в семье» байқауларына қатысты. Гуля Айдарханқызы оқушыларды кітапхана қорындағы әр түрлі отбасылар мен отбасылық қатынастарды сипаттайтын жазушылардың шығармаларымен таныстырды. Шара отбасылық фотосуреттерге арналған фотожиектеме жасау бойынша шеберлік сыныбымен аяқталды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/auyldy-kitapkhanalar-zha-aly-y/1007-semya-koren-zhizni-atty-gime.html#sigFreeId5a52634177