8 сәуір күні Орталық балалар модельдік кітапхана кітапханашылары Б.Т.Жусупова және Ж.Ж.Тажибаева Боровской мектеп – интернат ұстазы, Қазақстанның Құрметті азаматы, Аналар Кеңесінің төрайымы, «100 новых имен Мендыкаринского района» кітабінің лауреаты Алтыншаш Карабаевна Есетовамен «Край родной, я тебя воспеваю» атты кездесу өткізді.
Алтыншаш Карабаевна қоғамдық жұмыстан басқа шығармашылықпен айналысады. 2021 жылы шыққан «Жыр жазамын жүрегімнен» өлеңдер жинағының авторы. Қонақ өзінің сөйлеген сөзінде жинаққа кірген «Киелі туған жерім - Меңдіқара» өлеңін дауыстап оқып берді.
«Караван милосердия» Қазақстан халқының Ассамблеясының республикалық акциясы шеңберінде Алтыншаш Карабаевна балаларға өз қолымен жасаған 12 бота және оқырман шығармашылығына арналған жиынтығын сыйлады.
Іс-шараға шақырылған Меңдіқара ауданының ҚХА қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Н.И.Козлова және Жастар ресурстық орталығының басшысы Т.М. Дүйсембаева қоғамдық қызметте Алтыншаш Карабаевнамен ынтымақтастық жайлы, оның жетістікке жету жолы туралы айтып берді.
Қонақтар кеш қатысушыларына танымал тұлғадан үлгі алуға және ерте жастан жақсылыққа, мейірімділікке, пайдалы болуға тырысу қажет жайлы кеңестер берді.