Ахмет Аманжол Зұлқарнайұлы
Ахмет Аманжол Зұлқарнайұлы 1943 жылы 16 шілдеде қазіргі Меңдіқара ауданы, Күзек – Шоқ ауылында дүниеге келген.
1961-1966 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында «Агрономия» мамандығы бойынша оқыды.
1967-1970 жылдары - Қазақ егіншілік ҒЗИ аспиранты.
1970 – 1986 жылдары – Целиноград АШИ Қостанай филиалының ассистенті, доценті.
1987 – 1993 жылдары – Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ «Дала дақылдарын өсіру технологиясы» зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі.
1993 – 2003 жылдары – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қостанай АШИ жем-шөп өндіру, өсімдік шаруашылығы және селекция кафедраларының меңгерушісі.
2003 – 2023 жылдары – агрономия кафедрасының профессоры, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ энтомологиялық мұражайының меңгерушісі.
Әр жылдары Аманжол Зұлқарнайұлының 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Медальдармен марапатталған.
Меңдіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен Ахмет Аманжол Зұлқарнайұлына «Меңдіқара ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.