Николай Андреевич Синенко 1947 жылы 9 шілдесінде дүниеге келген. Боровской АКТУ бітірген.
1963 жылдан - Қазақ КСР Қостанай облысы Боровской ауданы «25-летие Целины» атындағы совхоздың механизаторы. Бірінші кластағы механизатор астық өсіруші мамандығын жетік меңгерген, ауыл шаруашылығының ғылыми негізделген топырақты қорғау жүйесін, өсіру мен егін жинауда еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті түрлерін кеңінен енгізген. Мемлекеттік жоспарлар мен міндеттемелерді жүйелі түрде асыра орындады.
Басшылық Синенкоға жүгері өсіруді сеніп тапсырды. Тіпті тәжірибелі механизаторлар жүгері плантацияларында жұмыс істеуге онша келіскен жоқ. Агрономдар оларға тым жоғары талаптар қойды. Бірақ Николай шаруашылық басшыларының үмітін алдаған жоқ. Даладағы жүгері молынан болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1975 жылғы 14 ақпандағы және 1976 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлықтарымен Николай Андреевич ІІІ және ІІ дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерімен марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1983 жылғы 7 қаңтардағы Жарлығымен КСРО-ның құрылғанына 60 жыл толуына орай, бүкілодақтық жарыста қол жеткізген зор табыстары, бір шаруашылықтағы ұзақ жылдар бойы мінсіз жұмысы үшін Николай Андреевич Синенко І дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталды. Еңбек Даңқы орденінің толық иегері болды.
Жастардың тәлімгері 10 жас механизаторды оқытты. Соңғы жылдары дала бригадасының бригадирі болды, халық депутаттары ауылдық Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1998 жылы 10 маусымында Николай Андреевич Синенкоға «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атығы берілді.
2003 жылдан бастап құрметті демалыста болды. Меңдіқара ауданы Татьяновка ауылында тұрған.
2009 жылы5 мамырда қайтыс болды.