Владимир Григорьевич Леонов 1954 жылы 24 қаңтарда Федоров ауданы Белояровка ауылында дүниеге келген. Введен онжылдықты бітіріп, Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Қостанай филиалына түсті, оны 1976 жылы сәтті аяқтады. Еңбек жолын 1976 жылы совхоз бөлімшесінің зоотехнигі болып бастаған. Меңдіқара ауданының Летунов атындағы кеңшарында 1976 жылдың мамыр айында жедел қызмет өткеру үшін Кеңес Әскері қатарына шақырылды. 1977 жылы әскердегі қызметінен кейін өзінің еңбек жолын совхоз бөлімшесінде жалғастырды. 1977-1978 жылдары –Боровской АК ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1978-1979 жылдары-Қазақстан АК ЛКЖО Боровской Бірінші хатшысы. 1979 жылдан – Қазақстан Компартиясы Боровской аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1982-1984 жылдары – «Коммунистический путь» газеті редакторының орынбасары. 1984 жылдан 1986 жылға дейін В.Г. Леонов Алматы жоғары партия мектебінде «журналистика» мамандығы бойынша оқиды. 1986-1987 жылдары – Таран аудандық «Маяк» газетінің редакторы. 1987 жылдан Қазақстан Компартиясы Қостанай обкомының нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1991-1992 жылдары – Қостанай облысы бойынша ҚазТАГ-тың меншікті тілшісі. 1992-1994 жылдары – Меңдіқара аудандық «Сельские вести» газетінің редакторы. 1994 жылы Меңдіқара аудандық мәслихатының хатшысы лауазымына сайланды, оны 2016 жылға дейін атқарды.«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың грамоталарымен марапатталған. 2015 жылы «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағына ие болды. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 7 тамыздағы № 292 шешімімен мемлекеттік қызмет ардагері Владимир Григорьевич Леоновқа көп жылғы және адал еңбегі, ауданның қоғамдық – саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.