Өтеген Қошанұлы Қошанов 1928 жылы 22 қазанда Меңдіқара ауданы, Балықты ауылдық кеңесі Қызылжар ауылының «Үлгілі» колхозында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, анасының ағалары тәрбиеледі. Балалар үйін 1939-1941 жылдары 7 сыныбын бітіргеннен кейін, еңбек жолын Боровское ауылында «Трудкустарь» (Быткомбинат) артелінде бастады. Тыл еңбеккері. Ұлы Отан соғысы кезінде тыл майданының түрлі учаскелерінде жұмыс істеді. Ол майданға түрлі заттарды жинаумен айналысқан және жиналатын заттардың түріне байланысты оларды әртүрлі жүк машиналарына таратуға мәжбүр болған. Колхозға көмек көрсетті, ат әбзелдерін жасау цехында жұмыс істеді, Долбушин МТС-нан соғысқа жіберілген жылқыларды үйретумен айналысты. 1942 жылдың қыркүйегінде «Үлгілі» колхозының жеті жылдық мектебінің мұғалімі болып тағайындалды. 1943 жылы Меңдіқара ауданының Балықты ауылдық кеңесінің жұмысшыларымен бірге Қостанай облысына әскери зауыттарды эвакуациялауға қатысты, пойыздарға әскери жабдықтарды тиеді, әскери техниканы өндіру цехтарында жұмыс істеді. Сондай-ақ Тоғызақ зауытының станоктарында жарылғыш заттар, патрондар мен миналар шығаратын жұмыс істеді.
1945 жылдың қыркүйегінен 1948 жылдың тамызына дейін – Меңдіқара аудандық педучилищесінің студенті;
1948 ж. қыркүйек – 1950 ж. маусым – Қостанай облысы Торғай ауданы Түйемойнақ жеті жылдық мектебінің мұғалімі;
1950 тамыз –1954 маусым жж. – Орал мемлекеттік пединститутының студенті (Орал қ.);
1954 ж. шілде – 1959 ж. шілде – Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі-мұғалімі;
1959 ж. шілде – 1961 ж. қараша – Ұзынкөл ауданы «Куйбышев» совхозының партком хатшысы;
1962 – 1968 ж. тамыз – Меңдіқара ауданы Краснопреснен орта мектебінің директоры;
1968 ж. тамыз – Меңдіқара ауданы Қаратал орта мектебінің директоры.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып табылады. «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен.
1941-1945жж. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл», «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
2014 жылдың 7 ақпанында Өтеген Қошанұлы Қошановқа «Меңдіқара ауданының азаматы» атағы берілді.