Нұрсұлу Шаяхметқызы Құрманғалиева 1949 жылы Меңдіқара ауданы Жарқайың ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Бала кезінен дәрігер болуды армандады. Қаратал мектебін бітіргеннен кейін Қарағанды медициналық институтына оқуға түсіп, оны 1975 жылы сәтті аяқтады. Еңбек жолын 1976 жылы Боровской аудандық ауруханасында бастады, онда 2020 жылға дейін жұмыс істеді. Нұрсұлу Шаяхметқызы Денсаулық сақтау саласындағы адал және көпжылдық еңбегі үшін «Шапағат» медалімен (2006), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының және Меңдіқара ОАА көптеген алғыс хаттарымен марапатталды.
Меңдіқара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 292 шешімімен Құрманғалиева Нұрсұлу Шаяхметқызына «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.