Иван Матвеевич Кожевин
Кожевин Иван Матвеевич 1936 жылы 21 маусымда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Степановка ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Степанов бастауыш мектебінің 6 сыныбын бітірді. 1950 жылы № 18 қолөнер училищесіне түсіп, оны 1953 жылы бітіргеннен кейін Долбушин МТС-на жіберіліп, 1955 жылға дейін токарь болып жұмыс істеді. 1955 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, Германияда әскери борышын өтеді.
1958 жылы әскерден Степановка колхозына оралып, токарь ретінде жұмыс істеді.
1961 жылы Коммунистік партия қатарына кіреді.
1968 жылы ұжымшар төрағасының орынбасары және партия ұйымының хатшысы болып тағайындалды.
1971 жылы Боровской ауданы Боровское ауылының аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.
973 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым – агроном» мамандығы бойынша бітірген.
1974 жылы аудандық кәсіподақтар кеңесіне сайланды.
1974-1984 ж.ж. - Буденный атындағы астық совхозының директоры.
1984-1995 ж.ж. - Ломоносов атындағы астық совхозының директоры.
1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаты болып сайланды.
Иван Матвеевич 1995 жылдан бері құрметті демалыста.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Үздік еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін 1984», «Еңбек ардагері 1984», «Тың жерлерді игергеніне 50 жыл 2004», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Иван Матвеевич Кожевин Қасқат ауылында тұрады. Жастар саясаты мәселелеріне көңіл бөледі. Халықтың құрметіне ие. Агрономия саласында маман, гүл өсіру және бау-бақшамен айналысуға әуестенеді.
1959 жылдан бастап Валентина Ивановна Приставкоға үйленген, үш баласы бар.
2010 жылдың 21 қазанында Иван Матвеевич Кожевинге «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.