Жолбарыс қажы Баязид (Жолбарыс Баязитұлы Баязитов) 1934 жылы 5 мамыр Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Лоба ауылында, 1982 жылы мүліктің және көп мөлшердегі малдың тәркілеуге ұшыраған дәулетті адам отбасында дүниеге келді.
1937 жылы үш жасар Жолбарыс әкесіз қалды.
1948 жылы 7 жылдық Үлгілі мектебін аяқтады. Сол жылы Меңдіқара педагогикалық училищесіне түсіп, бір жыл ғана оқып шықты, содан кейін Талды-Қорған қаласында қазақ орта мектебінде оқуын жалғастырды.
1951 жылы Жолбарыс Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп және үшжылдық курсын оқығаннан кейін Алматыда шығарылатын бір журналының штатына қабылданды. Сонымен оның шығармашылық қызметі жоғары білім алар алдында ақ журналист ретінде басталған. Осындай құрметке әрбір студент лайықты деп табылмайды. Жолбарыс Баязид журналистика факультетін 1956 жылы аяқтады.
1956 жылдың наурызынан 1958 жылдың шілдесіне дейін «Жас алаш» республикалық жастар газетінің редакциясында жұмыс істеді.
1958 жылдың шілдесінен 1966 жылдың қыркүйек аралығында Қостанай облыстық газетінің жекеменшік корреспонденті және «Жаңа өмір» Жангелді аудандық газетінің редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.
1966 жылдың қыркүйегінен 1968 жылдың маусымына дейін Алматы қаласында екіжылдық Жоғарғы партиялық мектебінде оқыды.
1968-ден 1982 жылға дейін «Қостанай таңы» редакциясында бөлім меңгерушісі, 10 жыл бойы редакция алқасының мүшесі – жауапты хатшы болды.
1982-ден 1986 жылдары Жолбарыс Қостанай облыстық мәдениет басқармасының жүйесінде жұмыс істеді. Ұйымдастырушы комитет мүшесі ретінде және әділқазылар алқасында VI-ХI Қостанай облыстық ақындар айтысын дайындауға және өткізуге қатысқан. Сол жылдары ол облыс ақындарымен үлкен шығармашылық және дайындық жұмыстар өткізді.
1982-ден 1994 жылдары Бейімбет Майлин атындағы облыстық әдеби бірлестігінің қазақ поэзия секциясын басқарды.
1986-дан 1994 жыл зейнеткерлік демалысқа шықпай тұрып облыстық теле-радио компаниясында қазақ радиосының бас редакторы болып жұмыс істеді.
Ұлттық шығармашылық және мәдени ағартушылық жұмыс облыстық ғылыми-әдістемелік орталығында жұмыс кезінде Жолбарыс Баязит облыстың үздік ұжымдарының жұмыс тәжірибесі туралы екі тілде отыз буклеттен астам және баспа плакаттар шығарды.
Жолбарыс Баязид студенттік жылдардан бастап жаза бастады, сол кездерде оның шығармалары мерзімді басылымдар жариялана бастады. Шын мәнінде поэтикалық шығармашылық қызметпен ол 50-ші жылдар ортасында айналыса бастады. Баязидтің қаламына 12 поэма, 16 баллада және басқа поэтикалық шығармалары да аз емес, казір алты томнан астам құрайды «Жыр - ғұмыр», «Жыр - дүние», «Жыр мен сыр», «Ақиқаттың ақ шыңы», «Аққу сезім», «Алланың ақырғы Пайғамбары», сонымен қатар «Бақытымның, бұлағы», «Ащысын татпай жалғанның» жинақтар шығарылды. Барлық аталған басылымдарды қостанайлық-оқырмандары жылы қарсы алды.
Жолбарыс Баязид өлеңдеріне республикамыздың көптеген композиторлардың музыкасы қойылған, оның шығармалары 100 әннен астам жазылған. Қазақстан Республика ұлттық және еңбек сіңірген әртістері республикалық радио және телевидениеде көптеген танымал әндер айтылады.
Ж.Баязидтің өлеңдеріне әндері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетел мемлекеттерінде де танымал.
2000 жылы Жолбарыс Баязид облыстық әдеби байқауында «Поэзия» номинациясынның жеңімпазы болды. 2004 жылы Қостанай меценаттар клубының «Казына» премиясының «Литература» номинациясы иегері атанды. Сол жылы Жолбарысқа «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
2009 жылы оған «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
2013 жылы Жолбарыс Баязид «Құрметті қажы» медалімен марапатталды.
Жолбарыс Баязид көп уақытын саяхаттаумен өткізеді. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде болды, танымал адамдармен кездесті. Меккеге жеті рет қажылық жасаған.