Жақып Қалқаман Хасенұлы
Жақып Қалқаман Хасенұлы 1946 жылы Меңдіқара ауданының Қаражар ауылында дүниеге келді. Философия ғылымының кандидаты (1984), доцент(1988), профессор (1998), ҚазКСР ұлттық ағарту үздігі(1989).
КСРО-ның 50 жылдығы атындағы институттың тарих факультетін бітірген (1974). ҚазКСР Ғылым Академиясының Философия және құқық Институтының аспиранты (Алматы қ.,1978-1981); қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы (1981-1990), әлеуметтану кафедрасы (1990-1998), оқу бөлімінің бастығы (1992-1993), Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің қоғамдық ғылымдар меңгерушісі (1999), облыстық Тіл басқармасының бастығы (1993-1995), Қостанай облысы Ұлттық комитетінің төрағасы (1995-1996), Қостанай облыстық Тіл басқармасының бастығы діни бірлестіктермен жұмыс (1996-
1997). Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының реформаларды насихаттау тобының жетекшісі (1997-1998), Қостанай облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары (2000 жылынан). Қазақстанның үздік өлкетанушыларының бірі. «Қостанай аймағының зиялы азаматтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы. 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты – көпэтникалық Қазақстанның этнореалиясы, қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетін дамыту мәселелері. 1-ші Бүкілодақтық студенттер слетінің делегаты (Мәскеу қ., 1971). Медалімен марапатталды. 2018 жылдың 29 тамызында Жақып Қалқаман Хасенұлына «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.