Ғалихан Ғабдуаліұлы Есеналин 1939 жылы 25 наурызда Көктерек ауылында дүниеге келген. 1946 жылы  Көктерек 7 жылдық мектебінің бірінші сыныбына барып, оны 1953 жылы бітірді. Сол жылы Боровской педагогикалық училищесіне түсіп, оқу орнын табысты аяқтап, 1957 жылы «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алды.

1957 жылдан 1959 жылға дейін Ғалихан Қостанай техникалық училищесінде ауылдық электр қондырғыларының электромеханигі болып оқыды.

1959 жылы үш жылға Кеңес Әскері қатарына шақырылды.

1962 жылдан  1965 жылға  дейін  демобилизациядан кейін Ғалихан электрик болып жұмыс істеді.

1965-1975 жылдары Көктерек мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және Боровское ауылындағы спорт мектебінде шаңғы жарысынан жаттықтырушы болды.

1976-1982 жылдары – «Каменскуральский» совхозы Көктерек бөлімшесінің зоотехнигі.

1982 жылдан 1986 жылға дейін – орманшы.

1986 жылдан 1998 жылға  дейін – Көктерек бөлімшесінің басқарушысы.

2000 жылдың 2 тамызында Ғалихан Ғабдуаліұлы Есеналинға «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

2002 жылдан құрметті демалыста болды.

2016 жылы қайтыс болды.