Петр Иванович Добровольский 1929 жылы 14 ақпанда Украинада, Винница облысы Ободовский ауданы Малая Стратиевка ауылында дүниеге келген.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Винница облысы гитлердің сарбаздарымен жауланып алынды. Үш жылға жуық Петр Иванович пен оның ауылдастары оккупацияда болды.
Украина азат етілгеннен кейін Петр колхозда өгіздерде жұмысын жалғастырды. 1945 жылдан 1947 жылға дейін ол үзілген оқуын жалғастырып, кешкі мектептің жеті сыныбын бітірді. 1947 жылы механизаторлық курстарға түсті. Екі жыл ішінде Петр Иванович шынжыр табанды және доңғалақты тракторда жұмысты игерді.
1949 жылы 2 тамызда Петр Иванович міндетті әскери қызметке шақырылды. Білікті және тәжірибелі сүңгуір маман етіп, оған сүңгуір-мотористтерге нұсқаушы ретінде жұмысын артық мерзімді қызметін жалғастыру ұсынылды. 1953 жылдан 1954 жылға дейін ол 64 курсантты даярлаумен айналысты.
1954 жылы П.И.Добровольский үшін Урицкий ауданының «Краснодонский» астық совхозында тың эпопеясы басталды. Ол өзінің алғашқы тың игеруші жолын трактористтен бастады. Урицкий ауданында ол өзінің болашақ әйелі Зоя Ивановна Авдеенкомен кездесті, танысудан бірнеше ай өткен соң, 1955 жылы 25 қыркүйегінде тың үйлену тойын өткізді.
1960 жылы Добровольскийлердің жас отбасысы Урицкий ауданынан Меңдіқараға Степановка ауылына қоныс аударады. Сол жылы П.И. Добровольский «Север» колхозына кіреді, алдымен МТС меңгерушісі, содан кейін № 2 кешенді бригаданың бригадирі болып жұмыс істейді. 1965 жылы ол қазақстандық ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумының ауыл шаруашылығы өндірісі курсының сырттай оқитын студенті болды. 1969 жылы агроном дипломын алды. Оқуға түсіп, жоғары білім алуға шешім қабылдады. Бір жылдан кейін 1970 жылы Қостанай ауыл шаруашылық институтына оқуға түсті. 1979 жылы институттың агрономия факультетін бітіріп, ғалым агроном біліктілігін алды. Петр Иванович Добровольский 19 жыл колхоз төрағасы болып жұмыс істеді.
1981 жылы Петр Ивановичті «Сельхозхимия» жауапты жерге – бастық ретінде жібереді, оны зейнетке шыққанға дейін басқарады. Бірақ Петр Иванович құрметті демалысқа шыққаннан кейін де сол «Сельхозхимия» жерде жүргізуші болып жұмысын жалғастырды.
П.И.Добровольский трактористтен шаруашылық басшысына дейін қиын еңбек жолынан өтті. Оның еңбек өтілі қырық жылдан асады.
1968 жылы Петр Иванович халық шаруашылығындағы жетістіктері үшін ҰШЖК(ВДНХ) күміс медалімен марапатталды. 1979 жылдың қарашасында Петр Иванович Добровольскийге шебер шаруашылығы, жерді ұтымды пайдаланғаны, еңбек және материалдық ресурстарды, өндірісті тиімді жүргізгені үшін «Қазақ КСР еңбек сіңірген агрономы» атағы берілді. Көп жылғы еңбегі үшін П.И.Добровольский Халықтар Достығы орденімен, үш Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі «Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақстанның тың жерлерін игергені үшін»,«Еңбек ардагері»,«Ерен еңбегі үшін» медальдарімен, ҰШЖК күміс медальмен, КОКП ОК және Қазақстан КП құрмет белгілерімен, «Тыңға 20 жыл», «Тыңға 25 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Тыңға 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Петр Иванович бірнеше қайтара жергілікті Кеңестерге депутат болып сайланды.
1999 жылдың 12 ақпанында Петр Иванович Добровольскийге «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Ерлі-зайыпты Добровольскийлер 2003 жылы Қостанай қаласына қоныс аударды.
Петр Иванович Добровольский 2009 жылдың 27 шілдесінде өмірден өтті.