Ақынқали Дәуітбайұлы Дәрменов 1978 жылы 18 наурызда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское а. дүниеге келген. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы - Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Адъюнктурасы. 2008 жылы Германияда Д. Маршалл ат. Еуропалық қауіпсіздік орталығында «Leaders program in advanced sekurity studies» бағдарламасы бойынша оқыды. Заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі. 1999 жылдан 2000 жылға дейін Ақынқали Дәуітбайұлы Қостанай облысы Меңдіқара АІІБ тергеушісі, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтының қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының күндізгі оқу адъюнкті, Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының ҒЗИ «По разработке актуальных проблем борьбы с организованной преступностью, терроризмом, религиозным экстремизмом» № 6 зертхананың аға ғылыми қызметкері. 2006 жылы - Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының адъюнктурасының бастығы. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының доценті, докторанты.
2010 жылдың қазан айында А. Д. Дәрменов «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (Ұлыбритания) оқуға байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының қарамағына түсті. 2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы заң институтының арнайы факультетінің жалпы заң пәндері кафедрасының доценті. Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаменті ведомстволық білім беру ұйымы басқармасының бастығы. 2014 жылдан 2018 жылға дейін - Қарағанды облысы ІІД Оқу орталығының бастығы. Ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының бастығы (Теміртау қаласы).
2018 жылдың наурыз айынан бастап Ақынқали Дәуітбайұлы Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы болды. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ІІМ Б. Бейсенов ат. Қарағанды академиясының бастығы болып тағайындалды. Полиция генерал-майоры атағына ие.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар: ІІІ, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызмет еткені үшін», «Қазақстан полициясы 20 жыл» медальдары, «ҚР ІІМ үздік қызметі үшін» (10.2007), «ІІМ Үздік қызмет үшін» (12.2012) төсбелгілері.
Үйленген, қызы бар.
2021 жылғы 29 шілдеде аудандық мәслихаттың № 35 шешімімен Дарменов Ақынқали Дәуітбайұлына «Меңдіқара ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.