Галина Спиридоновна Горнаткина 1939 жылы 14 қыркүйек Кемеров облысында дүниеге келді. 1958 жылы Заринск орта мектебін аяқтаған соң Чернышевка ауылындағы апасына қонаққа келеді, солай ол Қостанай жерінде қалады, себебі өңірді жанымен сүйіп қалады. Еңбек өмірін жұмыскер болып бастады, ал 1959 жылы 14 маусымында кітапханаға келді. Мәдениет бөлімінің меңгерушісі «Меңдіқара ауданының Чернышев ауылдық кітапхана меңгерушісі ретінде тағайындылды» бұйрығын оқыды. Жиырма жасар бойжеткен жалпы орта біліммен Г.С.Горнаткина кітапхананы қабылдады және онда еңбек кітапшасындағы бір ғана жазумен 38 жыл жұмыс істеді(1959-1997). Галина Спиридоновна таңдаған мамандығына адал болып қалды. Оған кітапханаға барлығы: балалар да, ересектер де баруды ұнататын.
Өзінің жұмысында ол үнемі уақытпен ілесе, алдынғы қатарда болуға тырысатын. Көкшетау кітапханалық техникумының сырттай оқуын аяқтаған соң Галина Спиридоновна жұмыс істеу үшін білімінің жеткіліксіз екені түсінді содан кейін Н.К.Крупской атындағы Ленинградтық мәдениет институтына түсіп ойдағыдай аяқтайды.
1966 жылынан бастап, Первомай ауылдық округінің бірнеше рет депутаті болып таңдалды. КОКП мүшесі бола тұра Галина Спиридоновна көп жылдар бойы ауылдың партиялық ұйымын басқарды. Үнемі егіндік жерлерге саяси ақпаратпен баратын, вагондарды ресімдеуге, қорытынды шығарып социалисттік жарыстардың озаттарын құттықтауға көмектесетін, кітапханаға күскен жаңа әдебиеттерімен таныстырды.
Қарапайым ауыл кітапханашының адал еңбегі Отанның жоғары марапаттарымен атап өтілді. Галина Спиридоновна көпжылдық еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту Орденімен, «За отличную работу», «За трудовую доблесть» медальдарымен, В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойлық медалімен марапатталды. Галины Спиридоновнаның еңбегімен жауапкершілігіне арқасында аудан бойынша Чернышев кітапханасына біріншілердің қатарыннда болып «Библиотека отличной работы» атағы берілді және көп жылдар бойы жұмысы қорытындысы бойынша өз атағын дәлелдеп келді.
Галина Спиридоновна зейнетке шыққан соң үш жылдай жұмыс істеп, тек 1997 жылы зейнеткерлік демалысына шықты.
2000 жылдың 2 тамызында Галине Спиридоновна Горнаткинаға «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
2013 жылдың қарашасында қайтыс болды.