Григорий Давыдович Гусак 1926 жылы 12 ақпанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешинка ауылында дүниеге келген. Жеті жасынан бастап ол егіс алқабында жылқы өсіруші болды. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін «Заря коммунизма» совхозында жұмыс істеді: жер жыртады, егеді, қыста мал бағады.
Соғыс басталған кезде Григорий 15 жаста еді. Әскерге шақыру уақыты келді. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, құрлық әскерлерінде қызмет етті. 1-ші Белорус майданында автоматшы болды. Әскерде бәрін мұқият, ар-ұжданмен жасаудың азаматтық әдеті пайда болды. Жауынгерлік ерлігі үшін Г.Д.Гусак Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией» медальдарымен марапатталған. Бірнеше рет жараланды, бірақ, бақытына орай, жеңіл жара. Әскери қызметін 1957 жылы аға лейтенант атағымен аяқтады.
Григорийдің күмәні болған жоқ: соғыстан кейінгі өмір ауыл шаруашылығымен мәңгі байланысты сондықтан ол туған ауылға оралды. 1962 жылы облысымыздың ең ірі «Восток»колхозына төраға болып, ал 10 жылдан кейін Летунов атындағы совхозына директор болып тағайындалды. Ол барда орта мектептің, ірі сүт ферма, жолдарды асфальттау және астық қырман құрылыстары жүргізілді. Осының барлығы шаруашылықты дамытуға, жаңа еңбек биігіне үміт беретін.
1975 жылы құрғақшылық болды. Қоғамдық мал басына жемшөп болған жоқ. Колхозшылар Григорий Давыдовичтың кеңесі бойынша малға қарағай бұтақтарынан және қайын жапырақтарынан дәруменді түйіршіктер жасауды бастады. Мал басын сақтай алды. Төрағаның іс-әрекетін облыс және аудан басшылары байқады, шаруашылық негізінде оқыту семинарлар өткізіле бастады. Ал майдангердің жауынгерлік марапаттары «Знак Почета», Еңбек Қызыл Туы және «Октябрьской революции» жаңа ордендерімен толықтырылды.
1983 жылынан Григорий Давыдович құрметті демалыста болды.
2000 жылдың 2 тамызында Григорий Давыдович Гусак «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағына ие берілді.
2021жылдың 11 шілдесінде Григорий Давыдович Гусак қайтыс болды.