Иван Николаевич Вепрев
Иван Николаевич Вепрев 1945 жылының 9 мамырында Қорған облысының Воскресеновка ауылында дүниеге келді. 1953 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровской ауылына өмір сүруге қоныс аударады. Бұл жерде Иван Николаевич шаңғы жарыстарымен шындап айналыса бастады. Ол 1961 жылында бірінші ересектер разрядына ие болды, ал 1965 жылы КСРО спорт шеберінің нормативін орындады және елдің жасөспірімдер құрамасына кірді. 25жасынан Иван Николаевич жарыстарды жаттықтыру жұмыстарымен бірге қатарына атқара бастады. Қостанай облысының шаңғы жарыстарынан бірінші спорт шебері (1965), Қазақстан Республикасының шаңғы жарыстары бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы (1982), Қазақстан чемпионі (1968, 1970), біртұтас талантты шаңғышылар тобын дайындады, олардың ішінде ХДСШ-рі Л. Турчин, П. Королев, В. Борцов, О. Селезнева, С. Крусович, КСРО спорт шебері, ҚР И.Медведь, И. Ореша, В. Майер. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы бола тұра (1983-1993), К. Ногамбаев, А. Невзоров, П. Рябинин ХДСШ-ін дайындады. ОБЖСМОР-нің шаңғы жарыстар бөлімінде аға жаттықтырушы-оқытушысы болып жұмыс істеді.
2005 жылының 18 сәуіріндегі Меңдіқара аудандық мәслихатының №142 шешімі бойынша Иван Николаевич Вепревке «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.