Ванин Алексей Григорьевич 1929 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданы Зеленовка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1944 жылы 8 сыныпты бітірді, содан кейін жүргізуші болып жұмыс істеді. 1946 жылы ауылшаруашылық техникумына түсіп, 1949 жылы бітіріп, ветеринарлық техник мамандығын алды. 1949 жылдың қыркүйегінен Алексей Григорьевич өзінің еңбек жолын 1950 жылға дейін Қостанай облысы Қарабалық ауданы «Қостанай» совхозының № 2 бөлімшесінің веттехнигі болып бастады.
1950 жылдың сәуірінен 1954 жылдың қаңтарына дейін Кеңес Әскері қатарында, КСРО Әскери-теңіз флотында қызмет етті.
Әскерден келген соң «Кустанайский» совхозына оралып, зоотехник болып жұмыс істеді. 1955 жылдың маусымынан 1958 жылдың желтоқсанына дейін – Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қостанай астық совхозының №8 бөлімшесінің басқарушысы. 1958 жылдың желтоқсан айынан бастап Ұзынкөл ауданының Краснопреснен астық совхозының директоры болып жұмыс істеді.
1970 жылы Алексей Григорьевичке «Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді. 1971 жылы Алексей Григорьевич Алма-Аты халық шаруашылығы институтын веттехник және экономист мамандығы бойынша бітірген. 1971 жылы А.Г. Ванин Боровской аудандық совхоздар трестін басқарды. 1974 жылдың тамыз айында Қазақстан Компартиясы Боровской аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Ол асыл тұқымды станциясын басқаруға облысқа ауыстырылды, содан кейін станция мен облыстық асыл тұқымдық бірлестікті басқаруды біріктірді.
Қазақстан КП ОК, обком және Боровской аудандық партия комитетінің мүшесі, Боровской аудандық еңбекші депутаттар Кеңесінің депутаты болды. Адал еңбегі, қажырлы еңбегі үшін Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен, екі Трудового Красного Знамени орденімен, екі «Знак Почета» орденімен, екі (ВДНХ)ҰШЖК-нің алтын медалімен марапатталды.
2000 жылдың 2 тамызында Алексей Григорьевич Ванинге «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.